Жаңалықтар
1 мин оқу 274

Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29-04-2015-obama 01АСТАНА. 29 сәуір. АҚШ президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада: «АҚШ президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа президенттік мерзімінің басталуымен құттықтап, америкалықтардың атынан Қазақстан халқына сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, елге бейбітшілік пен игілік тіледі», – делінген. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: postironic.org.
Бөлісу:
Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар