Өнер
1 мин оқу 80

Испанияда өнер көрсетті

<p style="text-align: justify;">Роза Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; мем&shy;ле&shy;кеттік ака&shy;де&shy;миялық концерттік ұжымының &laquo;Астана сазы&raquo; қазақ мем&shy;&shy;ле&shy;кеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испа&shy;ния арасындағы стра&shy;те&shy;г&shy;иялық әріп&shy;тестіктің 15 жыл&shy;ды&shy;ғы, еліміздің Рес&shy;пуб&shy;ли&shy;ка&shy; күнін мерекелеу аясын&shy;да Мад&shy;рид қаласының үздік концерттік залында өнер көр&shy;сетті.</p>

Испанияда өнер көрсетті

«Астана сазы» Қазақ мем­­­­ле­кеттік фольклорлық ан­самблі – еліміздің же­тек­ші шы­ғар­ма­шылық ұжым­да­­ры­ның бірі. Фольклорлық ан­самбль музыканттары тың­­даушыларды домбыра, қо­быз, шертер, шаңқобыз, сазсыр­най, сыбыз­ғы, асатаяқ, дауыл­паз, тұяқтас, қоңырау, т.б. ха­лық музы­к­алық аспап­та­ры­ның үнімен танысты­рып келеді. Ансамбльдің көр­кем­­дік же­тек­шісі – Нұркен Яқияев.

Ансамбль отандық музыка сала­сында өзіндік орны бар, көре­р­мен тарапынан зор сұра­нысқа ие үздік ұжым ретін­де «Қазақконцерттің» брен­діне айналды. «Астана сазы» тың­д­аушыларға халық шы­ғар­ма­шылығының ұлттық бояуын­ сақтай отырып, заманауи өңдеу­ле­рін ұсынып жүр.

«Астана сазы» ансам­блі­нің­ репертуары түрлі ха­лық­­­­­тың дәстүрлі аспаптық му­­зы­­ка­­сына және заманауи автор­лық шығармаларға бай. Ұжым әртістері Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Таяу Шығыс елдерінде өнер көрсетіп, көптеген іс-ша­ра­­ға белсенді қатысып келеді.

Қазақ халық шығарма­шы­лы­ғының дамуына, дәріп­телуіне зор үлес қосып жүрген ансамбль жиналған қауым назарына ұлт­тық өнері­міздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Бұл рухани кеш – Мадрид қала­сындағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания ара­сын­дағы шығармашылық бай­ланыстарды нығайтуға бағыт­талған ма­ңызды қадам бол­ғаны сөзсіз.

Бөлісу:
Испанияда өнер көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар