Мәдениет
1 мин оқу 110

Тарихи видеолар – үлкен экранда

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжат&shy;та&shy;ма және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архи&shy;він&shy;де сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар &shy;не&shy;гі&shy;&shy;зінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.</p>

Тарихи видеолар – үлкен экранда

Тарихи көрсетілім елі­міз­дегі Астана, Алматы, Шым­кент қалалары мен облыс орта­лықтарындағы – жалпы 24 кино­театрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күн­дері кешкі уақытта көрсе­тіліп жатыр.

Көрсетілетін бейнероликтер «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы фотосурет», «Қазақ­стан тарихындағы ең алғаш­қы аудиожазба», «­Түрк­сіб – Шығыс пен Ба­тыс­ты жал­ғаған жол», «Алма­ты архи­тек­турасының эволю­циясы», «Нейрожелінің кө­ме­гімен өмірге келген этногра­фия­лық фотосуреттер» сынды түрлі тақырыпты қамтиды.

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен «Cinema Invest Group» ЖШС Кинопаркі арасында аудиовизуалды құжат­тарды насихаттау жөнін­дегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Бұл бастама көрерменнің на­зарын тарихи материал­дар­ға аудара отырып, тарих пен мәдениетке деген қы­зы­­­ғ­у­­шылықты арттыруды көздейді.

Бөлісу:
Тарихи видеолар – үлкен экранда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар