Айбын
2 мин оқу 103

Сарбаздар тегін оқиды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің бір топ сарбазына еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арнайы сертификат табысталды.</p>

Сарбаздар тегін оқиды

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбас­шы­лы­ғының баспасөз қызметі хабарлады. Тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттар жауынгерлік қызмет және жауынгерлік даярлық барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға берілген.

Отан алдындағы борышын атқару бары­сында үздік деп танылған ұландық­тарға Қорғаныс министрлігінің атынан бөлінген сертификаттары әскери бөлім ала­ңында салтанатты түрде табыс етілді. Грант иегері атанған сарбаздың бірі – қатардағы жауынгер Марғұлан Оразбеков.

– Мен Ұлттық ұлан қатарында азамат­тық парызымды атқарып жүрмін. Жастайымнан армандаған жоғарғы оқу орнына «Срочник.2» бағдарламасы арқа­сын­да түсуге мүмкіндік алып отыр­мын. Бола­шағыма жол ашқан, Отан қор­ғаушы ретінде қалыптасуға кө­мектесіп, тәжіри­бе­сімен бөліс­кен командирлеріме ерекше алғыс айтамын, – дейді болашақ студент Марғұлан Оразбеков.

Ол еліміздегі ең беделді оқу ордасы­ның бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, мұндай грантқа қол жеткізген сарбаздар енді еліміздегі таңдаулы оқу орындарына ұлттық бірың­ғай тестілеуден өтпей-ақ түсе алады.

 – Әскери бөлімде, бөліністерде взвод және рота командирлері жауынгерлік даярлық есебін тұрақты жүргізіп отырады. Ол есепте сарбаздың сабақ үлгерімі, белгіленген нормативтерді орындау нә­ти­жесі, жеке басының тәртібі ескеріледі. Осылардың нәтижесінде ай сайын барлық оқу пәні бойынша рейтинг шыға­­рылып, барлық дерек электрондық платформаға жазылады, – деді бөлім командирінің орынбасары майор Дәурен Рахимбеков.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Сарбаздар тегін оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар