Әлем
1 мин оқу 150

Қазақстан мен Қатар үкіметаралық келісімге қол жеткізді

<p style="text-align: justify;">Министр Ержан Сәденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Қатар) іссапармен барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан мен Қатар үкіметаралық келісімге қол жеткізді

Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.

Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

«MILIPOL QATAR-2024» 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.

Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

Бөлісу:
Қазақстан мен Қатар үкіметаралық келісімге қол жеткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар