Өндіріс
1 мин оқу 70

Маңғыстауда құрастырылған катер

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында құрасты&shy;рылған &laquo;Шапшаң&raquo; әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді. Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилы&shy;бай, Қорғаныс министрінің орын&shy;&shy;ба&shy;сары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күш&shy;тер&shy;дің контр-адмиралы Ратмир Камратов, әскери қызметшілер мен қала тұрғын&shy;дары қатысты.</p>

Маңғыстауда құрастырылған катер

Жаңа катер теңіздегі мемлекет шекарасын, елдің біртұтастығын қорғауға қызмет етеді. Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катері өңірдің теңіз әлеуеті­нің қарқынды дамып жатқанын аңғартатынын мәлім етті. 

ап

– Президент Жолдауында айтыл­ғандай, жаһандық әске­ри техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлт­­­тық қор­ғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – Отаны­­мыздың инженерия саласының жоға­ры деңгейінің айқын дәлелі, – деді С.Қамалетдинов.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай та­рихи оқиға­­­ның ғалымдардың төккен те­рі­ мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.­

па

– Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамыту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көріп отырмыз. Өңірімізде жасалған отандық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қыз­мет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құ­ры­­­лысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, – деді облыс әкімі.

Жаңа катерді құрастырған «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-ның директоры Дмитрий Донскойдың айтуынша, серіктестіктің тек қорғаныс саласында емес, аза­маттарға арналған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қол­данылатын техникаларды да жасауға мүмкіндіктері бар.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстауда құрастырылған катер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар