Аймақтар
1 мин оқу 150

ШҚО-дағы екі күрежолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазАвтожол&raquo; АҚ ШҚО-дағы екі автожолда 1 қараша 19:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-дағы екі күрежолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қыс мезгілінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін автожолдарда жартылай тіркемесі және тіркемесі бар жүк көліктерге, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу 1 қараша күні 19:00-ден басталады.

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 46-66 шақырым аралығындағы учаскесі (қыс аяқталғанша дейін).

«Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 94-104 шақырымы аралығындағы учаскесінде (қыс аяқталғанша түнгі уақытта сағат 20:00-ден 06:00-ға дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылады», делінген «ҚазАвтожол» АҚ хабарламасында. 

Компания мұндай шектеулер қыс мезігілінде қауіпсіздікті сақтау үшін енгізілетінін ескертті. 

Бөлісу:
ШҚО-дағы екі күрежолда көлік қозғалысына шектеу қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар