Спорт
1 мин оқу 290

«Alash» балалары Түркияда топ жарды

<p style="text-align: justify;">24-29 қазан күндері Түркияның Белек қаласында &laquo;Belek International Youth Cup 2024&raquo; халықаралық турнирі өтті. Додаға Түркия, Өзбекстан және елімізден барған бірнеше команда қатысты.</p>

«Alash» балалары Түркияда топ жарды

Турнирге Астананың «Alash» командасы 2013-2014 және 2015-2016 жылы туған балаларды алып барды. Жарыс ережесіне сәйкес командалар «А» және «В» тобы болып екіге бөлінді. Әр топтағы 6 команда бір-бірімен жасыл алаңда өзара кездесіп, 4 мықтыны анықтады. Нәтижесінде «Alash»-тың екі бірдей командасы жартылай финалға шықты.

Финалға берілер жолдама үшін «Alash»-тың 2015 жылғы балалары Астананың БЖМОРСМ-8 командасына пенальти сериясы арқылы (негізгі уақыт 1:1) есе жіберді. Ал 3-орын үшін өткен матчта «Rukh» командасынан 3:1 есебімен басым болды. 1-орынды БЖМОРСМ-8 командасы иеленсе, 2-орыннан Түркияның «Manavgat Akademi» жасөспірімдері көрінді.

Alash-тың 2013-2014 жылғы балалары өздерінен бір-екі жас үлкен балалармен терезесі тең өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша финалда Түркияның «Altin Shoshuk» командасын 2:0 есебімен жеңген алаштықтар Анадолы елінде топ жарды. Үздік үштікті Өзбекстанның «Oxbridge» футболшылары қорытындылады.

А.Манап.

А.Манап.

Бөлісу:
«Alash» балалары Түркияда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар