Өнер
1 мин оқу 103

Сызылады симфония...

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен &laquo;Астана Операда&raquo; әлемге әйгілі скрипкашы әрі дирижер, Қазақстанның ізгілік елшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің симфониялық концерті өтті.</p>

Сызылады симфония...

Музыкалық кеште «Дала», «Air», «Би», «Абай», «Желсіз түн­­де жарық ай», «Айттым сәлем, Қа­ламқас», «Қарлығаш», «Ду­да­рай» секілді танымал композициялар қамтылды. Сондай-ақ мәдени іс-шараға Арухат Мусаипов, мультиаспапшылар Серік Нұр­молдаев, Анар Қа­сымова, Аб­зал Арықбаев, Ас­қар Солта­ғазин, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Бейім­бет Демеуов, жас вокалист Анна Юденич қатысты.

Концерттің ерекшелігі оның айрықша акустикалық ше­шімінде болды. Марат Би­сенғалиев авторлық жұмысы ретінде квадродыбыстау әсе­­рін көрсетті. Яғни бұл – оркестр мен хордың жекелеген топтарының сахнада ғана емес, залдың арнайы акустикалық аймақтарында ор­наласуы. Бұлай өнер көрсету голографиялық дыбыс жасап, эмо­циялық сипатта тыңдар­мандарға ерекше әсер етті.

Бөлісу:
Сызылады симфония... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар