Елорда
1 мин оқу 300
Астанада 15 автобустың бағдары уақытша өзгереді
<p style="text-align: justify;">Астанада бүгін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін он бес автобустың бағдары уақытша өзгереді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

- Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Бөлісу: