Қоғам
1 мин оқу 201

Ұлытауда жоғалған балықшылар аман-есен табылды

<p style="text-align: justify;">Құтқарушылар адасып қалған балықшыларды тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлытауда жоғалған балықшылар аман-есен табылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адамның Сарысу көліне балық аулауға кеткені және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама түсті.

Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ, – деп қосты ведомство.

Мамандар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Ұлытауда жоғалған балықшылар аман-есен табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар