Аймақтар
1 мин оқу 92
Шымкентте есірткі жарнамалаған арналар бұғатталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтап, 18 Telegram-арнасын бұғаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР Бас прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысқан Telegram-арналарын анықтаған.
Нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалаған 18 арна бұғатталған.
Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жүйелі түрде жалғастырып жатыр.
Бөлісу: