Ауа райы
1 мин оқу 230

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнде елімізде күн суытып, қар жауатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады

5-7 қараша күндері ел аумағында күн райы тұрақсыз болады. Ауа қысымы тез өзгеріп, жауын-шашын, қар жауып, екпінді жел соғып, тұман түсуі ықтимал. 

7 қараша республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  ауа температурасы түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, таулы аймақтарда -8 градус, күндіз 0-7 градус аяз, таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендейді.

Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде де күн райы суытатынын мәлімдеді. 

«6-7 қараша күндері республиканың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанып отыр. 5 қарашада батыста, 6 қарашада солтүстікте күн суытады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Бөлісу:
Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар