Оқиға
1 мин оқу 220

Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер министрлігінде киберқылмыспен күресу жөніндегі жаңа мамандандырылған департамент құрылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, департамент киберқылмыстарды анықтау және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.

«Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қауіптердің көбеюі жағдайында мамандандырылған бөлімшенің құрылуы бізге қазіргі заманның сын-қатерлеріне тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді», деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Жаңа департаменттің бастығы болып осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар полиция полковнигі Жандос Сүйінбай тағайындалған.

Бөлісу:
Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар