Байқау
1 мин оқу 71

«Alash» балалары Түркияда топ жарды

<p style="text-align: justify;">24&ndash;29 қазан күндері Түркияның Белек қаласында &laquo;Belek International Youth Cup 2024&raquo; халықаралық турнирі өтті. Додаға Түркия, Өзбекстан және елімізден барған бірнеше команда қатысты.</p>

«Alash» балалары Түркияда топ жарды

Турнирге Астананың «Alash» командасы 2013–2014 және 2015–2016 жылы туған балаларды алып барды. Жарыс ережесіне сәйкес командалар «А» және «В» тобы болып екіге бөлінді. Әр топтағы 6 команда бір-бірімен жасыл алаңда өзара кездесіп, 4 мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Alash»-тың екі бірдей командасы жартылай финалға шықты.

Финалға берілер жолдама үшін «Alash»-тың 2015 жылғы балалары Астананың БЖМОРСМ-8 командасына пенальти сериясы арқылы (не­гізгі уақыт 1:1) есе жіберді. Ал 3-орын үшін өткен матч­та «Rukh» командасынан 3:1 есе­бімен  басым түсті. 1-орынды БЖМОРСМ-8 коман­дасы иеленсе, 2-орыннан Түр­кия­ның «Manavgat Aka­demi» жас­өспірімдері көрінді.

«Alash»-тың 2013–2014 жылғы балалары өздерінен бір-екі жас үлкен балалармен тере­зесі тең өнер көрсетті. Финалда Түр­кияның «Altin Shoshuk» командасын 2:0 есе­бі­мен жеңген алаштықтар Ана­долы елінде топ жарды. Үздік үштікті Өз­бекстанның «Oxbridge» футболшылары қоры­тындылады.

Бөлісу:
«Alash» балалары Түркияда топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар