Аймақтар
1 мин оқу 94

Ауылда ФАП ашылды

<p style="text-align: justify;">Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округіне қарасты Қызыл&shy;ту аулында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа нысан&shy;&shy;ның құрылысы биыл басталған еді, жақында аяқталып, пай&shy;да&shy;лануға берілді.</p>

Ауылда ФАП ашылды

Аудан орталығынан тоқ­сан ш­а­қырым қашықтықта орна­лас­қан ауылда қазіргі уақытта екі жүз­дей адам тұрады. Мұндағы ауыл тұрғындарына дәл осындай медициналық нысан ауадай қажет еді. Көпшіліктің кө­кейінде көптен жүрген мәселе оң шешімін тауып, баршаны қуант­ты. Медициналық пунктте дә­рі­­герге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері, медицина қыз­мет­керлеріне арналған, ак­у­шер­лік кабинеттер жұмыс істейді.

ва

Нысанның салтанатты ашы­лу рәсіміне аудан әкімі Әділ­жан Арғынов, аудандық орта­лық аурухананың директоры Дәурен Сейтпанов, аудандық мәс­лихат­тың депутаты Біржан Сапаров қа­­ты­сып, халыққа құтты болсын айт­ты. Ауыл ақсақалы, тыл арда­гері Төлеу Бұланбаев үлкен­дер аты­­нан игі лебізін білдіріп, бата­сын берді.

ФАП құрылысы «Ауылда ден­­саулық сақтауды жаңғырту» ұлт­­тық жобасының аясында ат­қа­­рылды. Осы жоба негізінде Қар­­қа­ралы ауданында 2025 жыл­ға дейін ашылады деп жос­пар­­лан­ған ­17 медициналық нысан ке­­зе­­гімен ел игілігіне беріліп жатыр.

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Бесоба ауылы

Бөлісу:
Ауылда ФАП ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар