Оқиға
1 мин оқу 110

Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен

<p style="text-align: justify;">Ақтауда қатты жел көтеріліп, аялдама павильонын қиратқан. Салдарынан қала тұрғыны дене жарақатын алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен

Әлеуметтік желіде пайда болған алдын ала мәлімет бойынша, Ақтаудағы бірінші шағын ауданда аялдама кешені опырылып түскен. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 5 қараша күні болғанын хабарлап, түсініктеме берді.

«Нәтижесінде бір адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады өңірдің Полиция департаменті.

Бөлісу:
Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып әкеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар