Президент
1 мин оқу 110

Екі ел Президенттері бірлескен декларация қабылдады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Баспасөз брифингі аяқталған соң Қазақстан мен Франция Президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Екі ел Президенттері бірлескен декларация қабылдады

Бұдан кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссиялау туралы келісім;

2. Аса маңызды материалдар мен ресурстар бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық ынтымақтастығының жол картасы;

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Société Generale S.A. компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Alstom Transport SA» компаниясы арасындағы 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

5. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Ұлттық превентивті археологиялық зерттеулер институты (INRAP) арасындағы археология саласындағы ынтымақтастық туралы келісім хаттамасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.

Бөлісу:
Екі ел Президенттері бірлескен декларация қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар