Бүгін Астанада сабақ уақыты қысқартылады
<p style="text-align: justify;">Астана қаласы білім басқармасы бүгін елордада ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ уақыты қысқартылатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазгидромет» РМК 6-7 қараша күндері Астанада Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болатынын болжады.
Осыған байланысты қалалық білім басқармасы бүгін оқушыларды ертерек үйлеріне қайтару шешімін қабылдаған.
«Ауа райының нашарлауына байланысты (жел жылдамдығының 30 м/с дейін ұлғаюына) байланысты сабақтардың ұзақтығын қысқартып, балалардың қауіпсіздігін бақылауға ала отырып, қараңғы түскенге дейін ересектермен бірге қайтару қажет. Ата-аналары жұмыста болған жағдайда, балалар ата-аналары келгенше мектепте болуы тиіс», делінген басқарма хабарламасында.