Әлем
1 мин оқу 165
Қырғызстан түркі тілдес халықтардың кітапханасын құруды ұсынды
<p style="text-align: justify;">Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитінде сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров түркітілдес халықтар кітапханасын құруды ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бұл жоба түркі әлемінің символы және мәдени алмасу алаңы болады», деді Садыр Жапаров.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті XI саммиті өтіп жатыр. Оған ұйымға мүше бес мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның басшылары, сондай-ақ бақылаушы ел – Венгрияның басшысы қатысып жатыр.
Бөлісу: