Қоғам
2 мин оқу 90

Пластик қалдықты кәдеге жаратады

<p style="text-align: justify;">Қ.Сәтбаев университеті, &laquo;Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы&raquo;, &laquo;Coca-Cola İ&ccedil;ecek Kazakhstan&raquo; ком&shy;&shy;па&shy;&shy;ниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қой&shy;ды. Меморандум пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу жоба&shy;лары арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейді.</p>

Пластик қалдықты кәдеге жаратады

Іс-шараға университеттің ғы­лым және корпоративтік даму жө­нін­дегі проректоры Ержан Көлдеев, «Coca-Cola İçecek Kazakh­stan» компаниясының ком­­­­муни­кациялар және тұрақ­ты даму жө­ніндегі басшысы Алина Аби­лева, сондай-ақ «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коали­ция­сының» бас менеджері Асыл Оқапова қатысып, қоршаған ортаны қалдықтардан тазарту, пластик бұйымдарды қайта өңдеу арқылы экологияны қорғау шараларына қатысты мәселелерді қозғады.

«Университеттің 90 жыл­ды­ғы мен Қаныш Сәтбаевтың ту­ға­­нына 125 жыл толуына орай уни­­верситет студенттері қо­ғамға маңызды іс-шара­ларға қа­тысып, қоршаған орта­ны қор­ғау мен «жасыл» экономи­каны дамытуға үлес қосып жат­қа­нын атап өткі­міз келеді. Ал плас­­­тик қал­дықтарды қайта өң­­деу бас­та­масын университет сту­дент­тері бірінші болып қол­­ға алып отыр», деді Ержан Көл­деев.

Бастама аясында пластикті қайта өңдеу және одан жаңа өнім жасау жөнінен шеберлік сағаты өтті. «3.2.1.Старт!» же­ңім­­­пазы және пластикті қай­та өң­дейтін «Rocket Plastic» жоба­­сының же­текшісі Данияр Бакимов университет сту­дент­терімен бірлесе отырып, қал­дық­­тардан жаңа өнім жасау әдіс­­т­ерін көрсетті. Осы жылы «Rocket Plastic» жобасы аясында 20 тоннадан астам плас­тик қайта өңделген.

Биыл «3.2.1.Старт!» жоба­сы­ның 8-маусымы барысында өткен «Пластикті жинау және қайта өңдеу жөніндегі үздік модель» республикалық байқауында Қ.Сәт­баев универ­си­теті 1-орынды иелен­ген болатын. Былтыр бұл жоба­ға 10-нан аса жоғары оқу орнының студенттері қатысып, 17 тоннадан астам пластик қал­дық­тарды жинады. Қ.Сәтбаев уни­вер­ситетінің командасы 7,7 тонна қалдық жинап, пластикті қайта өңдеудің ең үздік моделіне қол жеткізген-ді.

Меморандумға қол қою нәти­­­жесінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, оқыту семинарларын, форумдар, баспасөз конферен­ция­ларын өткізу жос­парланып, жастардың «3.2.1 Старт!» бастамаларын қолдауға байланысты тың идея­ларды бірлесіп жүзеге асыру­дың маңызы туралы айтылды. Бұл келісім университет сту­денттері іске асырып отыр­ған қалдықтарды қайта өңдеу баста­маларын әрі қарай жалғас­тыру мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Пластик қалдықты кәдеге жаратады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар