Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Нұрсұлтан Назарбаев Батырхан Шөкеновтің отбасына көңіл айтты

29-04-2015-Akorda01АСТАНА. 29 сәуір. Елбасы белгілі музыкант, эстрада әншісі әрі композитор Батырхан Шөкеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Жеделхатта Батырхан Шөкенов жан-жақты дарындылығы, жоғары орындаушылық шеберлігі және жеке басының қасиеттерімен миллиондаған тыңдаушылардың сүйіктісі болғаны атап өтілген. «Осындай адамның кенеттен қайтыс болуы бәрімізді өкіндіріп отыр. Оның есімі және орындауындағы шығармалары халқымыздың жадында сақтала береді», – делінген жеделхатта. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Батырхан Шөкеновтің отбасына көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар