Саясат
1 мин оқу 141

Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты

<p style="text-align: justify;">Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіп&shy;сіз&shy;дік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консульта&shy;ция&shy;лары өтті.</p>

Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов­тің және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу­дың төрағалығымен өткен келіссөздер барысын­да өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл секілді өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ Каспий аймағындағы ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму келешегі жөнінде пікір алмасты.

Консультациялар Қазақстан Республи­касы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында қабыл­данған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Жиын қорытындысы бойынша 2025–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Бөлісу:
Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар