Аймақтар
1 мин оқу 183

Еліміздің екі өңірінде «жайлы мектеп» ашылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жайлы мектеп&raquo; ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық, Жамбыл облысының Тараз қаласында жайлы мектеп ашылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің екі өңірінде «жайлы мектеп» ашылды

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Арқалықтағы мектеп 300 орынға лайықталған. Бұл мектепте балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жабдықталған  26 оқу кабинеті бар.

Мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да жасақталған.

Тараз қаласындағы жайлы мектепте 1200 оқушы білім алады. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушыға арналған 32 жайлы мектеп ашылды.

Бөлісу:
Еліміздің екі өңірінде «жайлы мектеп» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар