Павлодарда оқу онлайнға ауыстырылды
<p style="text-align: justify;">Павлодарда секундына 14-25 метр жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы - 1 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты қалада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабақтары онлайнға ауыстырылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Бұл туралы Павлодар облыстық білім басқармасы хабарлады.
«Қазгидромет» мекемесінің бекіткен параметрлеріне сәйкес, аудан және қалалар сабақтарды онлайнға көшірді. Бүгін Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды даярлық тобының, 1-11 сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттерінің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма хабарламасында.
Мекеме өңір оқушылары онлайн форматта оқу үшін барлық жағдай жасақталғанын еске салды.