Елорда
1 мин оқу 245
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқиды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мектептерінің оқушылары екінші ауысымда қашықтықтан оқытуға көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2024 жылғы 7 қараша күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кешеден бері Астанада қарлы боран соғып, қолайсыз ауа-райы сақталып тұр.
Бөлісу: