Оқиға
1 мин оқу 150
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 5 бала құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған 7 адамды құтқарды, оның ішінде 5 бала бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін таңертең Осакаровка ауданына қарасты Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктегілерді қауіпсіз жерге шығарған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. 7 қарағандылық жақын маңдағы елдімекенге жеткізілген.
ТЖМ тұрғындарға күн райының өзгеруіне байланысты жолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы ресми хабарламаларды бақылауды ескертеді.
Бөлісу: