Оқиға
1 мин оқу 190

Павлодарда қатты желден ағаш құлап, әйел көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында қатты желден ағаш құлап, салдарынан өтіп бара жатқан әйел қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда қатты желден ағаш құлап, әйел көз жұмды

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 7 қараша күні сағат 09.37-де Естай көшесіндегі үйдің ауласында әйелді ағаш басып қалғаны туралы қоңырау түскен. 

«1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ол екі жіліншіктің, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің сынуын, омыртқаның жабық сынуын, ішкі ағзалардың жарақаттарын, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алды», деп хабарлады Павлодар облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Павлодарда қатты желден ағаш құлап, әйел көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар