Әлем
1 мин оқу 173

Енді халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев&nbsp;халық медицинасымен айналысатын тұлғаларға жауапкершілікті көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Енді халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды

Заң бұзған жеке тұлғаларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 доллар), ал қызмет өкілдеріне 20-25 АЕК (587-734 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Рұқсат етілмеген емдеу әдістерін қолданғаны, олар үшін материалдық құндылықтар немесе мүліктік пайда алғаны, сондай-ақ оларды насихаттағаны үшін 15-тен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 АҚШ доллары) айыппұл салынады.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұзушыға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (587-881 АҚШ доллары) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Бөлісу:
Енді халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар