Аймақтар
1 мин оқу 70

Еріктілер сексеуіл тұқымын жинады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған &laquo;Таза Қазақстан&raquo; экологиялық акциясы аясында Алматы облысында тұқым жинау апталығы өткізілді.</p>

Еріктілер сексеуіл тұқымын жинады

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған бұл іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы қызметкерлері, белсенді жастар, жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері болды.

Алматы облысының табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Бақанас орман шаруашылығы» мекемесінің аумағында қара сексеуіл ағашының 2000 кило тұқымы жиналды. Сонымен қатар апталық аясында облыс көлемінде орналасқан орман шаруашылығы мекемелері мен ауда­н тұр­ғындары, белсенді жастар, мектеп оқу­шы­ларының атсалысуымен жиде, шренк шыршасы, қайың ағаштарының 350 килоға жуық тұқымы жиналды.

Акция табиғи ресурстарды қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Іс-шара нәтижелері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Еріктілер сексеуіл тұқымын жинады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар