Оқиға
1 мин оқу 160

Рейстік автобустан ақау шығып, 34 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Алматы-Екатеринбург тас жолында автобустан ақау шығып, жолаушылар эвакуацияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рейстік автобустан ақау шығып, 34 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде Өзбекстан және Тәжікстанның 12 азаматын құтқарды.

Анықталғандай, рейстік автобус Астана-Шымкент бағытында келе жатып, 900 шақырымда бұзылған. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар жедел жетіп, жолаушылар шұғыл Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілгенін хабарлады. 

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Бөлісу:
Рейстік автобустан ақау шығып, 34 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар