Қоғам
1 мин оқу 130

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда есірткі заттарын сататын 30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Жетісу облысы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтаған.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталған», делінген хабарламада.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталған.

Бөлісу:
30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар