Саясат
1 мин оқу 145
Астанада Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу өтеді
<p style="text-align: justify;">11-12 қарашада елордада Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік мәліметінше, бірінші күні делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі. Келесі күні кездесулер жалғасып, олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы жоспарланған.
Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесудің күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
- Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы;
- САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер;
- Сириядағы «жергілікті» жағдай;
- Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу;
- Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.
Бөлісу: