Медициналық кітапшалар электрондық форматқа ауыстырылады
<p style="text-align: justify;">Елімізде жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында – 780 мың, білім беру саласында - 550 мың, денсаулық сақтау саласында – 272 мың және жеке секторда - 52 мың медициналық кітапша бар.
Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.
«Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу», делінген хабарламада.