Төтенше жағдай
1 мин оқу 302

Ақтөбе облысында әскери тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңына әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбе облысында әскери тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, әуе кемесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылды.

«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ-8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды», делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.

Оқиға туралы ақпарат нақтыланады.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында әскери тікұшақ құлап, бір адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар