Спорт
1 мин оқу 135

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионы анықталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының қорытынды ХХVІ туры басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионы анықталады

Бас жүлде тағдыры «Қайрат» пен «Астана» арасында шешіледі. Аталған турда «Қайрат» сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Астана» Алматыда «Жетісуды» қабылдайды.

Сондай-ақ қола жүлдеге «Ақтөбе», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларының бірі қол жеткізуі мүмкін.

«Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды», «Ордабасы» «Елімайды» қабылдаса, «Тобыл» сырт алаңда «Қайсармен» ойнайды.

Тағы бір кездесуде «Қызылжар» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионы анықталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар