Мүгедек әйелдің пәтерін сатып жіберген алаяқ ұсталды
<div class="JNVT2DU9" style="text-align: justify;">Тараз қаласының прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</div>

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылған.
«Қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды», делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.