Әлем кубогі кезеңі: Семсершілер ширек финалға жетті
<p style="text-align: justify;">Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден өткен әлем кубогінің кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 7-орынға ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, командалық жарыста медаль үшін сайысқандар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов.
1/16 финалда біздің семсершілер Данияны 31:30 көрсеткішімен жеңіп, келесі кезеңде Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді.
Ал ширек финалда Қазақстан спортшылары Венгрияға есе жіберді. Содан соң 5-8 орындарға таласу бойынша Қазақстан Швейцариядан жеңілді.
Нидерланд құрамасымен 7 орын үшін сайыста отандастарымыз 45:40 есебімен жеңіске жетті.