Спорт
1 мин оқу 150

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">UFC боксшысы Шавкат Рахмоновтың (18-0) бапкері Эдуард Базров отандық боксшының келесі қарсыласы Камару Усман болатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Жекпе-жек титул иегерінің аяғында анықталған инфекцияға байланысты тоқтатылған.

«Біздің келесі қарсыласымыз Камару Усман болатынына сенімдімін. Ол Денверге кетті, Тремор Уиттманмен бөлек жаттығады. Мүмкін, UFC оған жақсы ұсыныс жасайды. Ол Шавкатпен бірге жұдырықтасады. Бұл менің пікірім. Менің ойымша, қалған кандидатуралар бізге сай келмейді. Себебі кейбіреулер үздік 15-те, басқалары үздік 10-да», деді Эдуард Базров.

Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар