Аймақтар
1 мин оқу 140
Алматы облысында аспалы көпір салынады
<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы Қара каньонда аспалы шыны көпір салынады. Оның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «ASK Capital» ЖШС Қара каньонның туристік аймағында аспалы көпір салуды жоспарлап отыр.
«Жобаның құны – 1,5 миллиард теңге. 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2025-2026 жылдар», делінген хабарламада.
Туристік аймақты дамыту үшін Қара каньонға электр желісін қосуға 87 миллион теңге бөлінгені атап өтілді. Сондай-ақ 400 миллион теңге инвестиция тартылған.
Шыны көпір 80 метр биіктікте орнатылады. Оның ұзындығы - 170 метр және 500 адамның салмағын көтере алады.
Бөлісу: