Аймақтар
1 мин оқу 82

Қоғамдық қордың қамқорлығы

<p style="text-align: justify;">Жезқазған қаласындағы &laquo;Қарлығаш&raquo; соматика санаторийі жанынан нейроортопедиялық кемшіліктері бар, 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған &laquo;QH&raquo; мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. Ізгі іс-шара &laquo;Қазақстан халқына&raquo; қорының қамқорлығы арқасында мүмкін болды. Өйткені орталықты арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыруды осы қор өз міндетіне алып отыр.</p>

Қоғамдық қордың қамқорлығы

Ұлытау облысы әкімдігінің қол­дауымен жөндеу жұмыс­тары жүргізілген ғимаратта емделушілерге барлық жағдай жа­салған. Жаңа орталықта жылына 600 баланың ем қабылдау мүмкіндігі бар. Мұнда мамандар әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсетеді.

– Орталықта жоғары деңгейдегі дәрігер-неврологтер, реабилитологтер, логопедтер, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, дефектологтер, еңбек терапевттері, психологтер жұ­мыс іс­тейді. Мамандарды оқыту бірне­ше кезеңде, соның ішінде шетелдік тәлім­герлерді тарта отырып жүргізіледі, – дейді Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Сағындықова.

Орталықтың ашылу салтана­тына Ұлытау облысының әкімі Д.Рыспеков, «Қазақстан халқына» қоғам­дық қо­рының басқарма төрағасы Б.Ж­әмішев, басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

Жезқазған

Бөлісу:
Қоғамдық қордың қамқорлығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар