Ауа райы
1 мин оқу 82

Қар, бұрқасын: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қар, бұрқасын: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Бірақ республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.

«15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Республика бойынша тұман мен екпінді жел соғады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер түнде ауа температурасының батыста 1-10 градусқа дейін жылынатынын, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус суық болатынын болжады. Одан бөлек орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.

Бөлісу:
Қар, бұрқасын: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар