Әлем
1 мин оқу 72

Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Түркияның батысындағы Измир провинциясының Селчук уезінде жеке үйде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Habert&uuml;rk телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды

Хабарланғандай, жеке үйдегі электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер қайтыс болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен дәрігерлер бір бөлмеден үш баланың денесін тапқан, олар  көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Ал қалған екеуі бірдей белгілермен ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.

Қаза тапқан бүлдіршіндердің ең кішісі бір жаста, үлкені бесте. 

Бөлісу:
Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар