Оқиға
1 мин оқу 132

Қызылордада қаржы пирамидасының жетекшісі 5 жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының тұрғыны қаржылық пирамида ұйымдастырғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қызылордада қаржы пирамидасының жетекшісі 5 жылға сотталды

Анықталғандай, азаматша Шагирова кооперативтік филиал ашу арқылы интернет желісінде ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, салымшыларды өзіне ақшалай салым жасауға шақырған.

«Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан Қызылорда қаласының 11 тұрғынына 15 млн теңге көлемінде мүліктік зиян келсе, 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 азамат жер телімінен айырылған», делінген хабарламада.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен азаматша Шагирова ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, аса жоғары пайыз, күн сайынғы кіріс және әр ертіп келген адам үшін бонус ұсынса, сеніп қалмаңыз, бұл - нағыз қаржылық пирамиданың белгісі.

Бөлісу:
Қызылордада қаржы пирамидасының жетекшісі 5 жылға сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар