Әлем
1 мин оқу 110

Газа секторында мал шаруашылығы құлдырады

<p style="text-align: justify;">Газа секторындағы ірі қараның 95%-ы, сондай-ақ қой-ешкінің жартысы қырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Газа секторында мал шаруашылығы құлдырады

Бұдан бөлек, егіс алқабының 70%-ы жойылған немесе зақымдалған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы халықаралық қауымдастыққа қарасты Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Төтенше жағдайлар және тұрақтылық басқармасы мәлімдеді. Қазір Газаның теріскейінде 75 мың палестиналық аштықтың аз-ақ алдында тұр.

«Газа секторының солтүстігіндегі жағдай өте ауыр. Аштықты тексеретін тәуелсіз комитет өткен жұмадан бері палестиналықтарға аштық қаупі төніп тұрғанын айтып, дабыл қағып келеді. Газа секторының агро-азық-түлік жүйесі толығымен дерлік күйреген. Адамдар өздері өсірген сиыр, қой, ешкінің сүтін ішіп, азын-аулақ етін жеп, күнін көретін. Енді бұл мүмкіндік те көзден бұл-бұл ұшты. Біз оларды құтқаруымыз керек!», дейді БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының басқарма директоры Рейн Паулсен.

Бөлісу:
Газа секторында мал шаруашылығы құлдырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар