Вьетнам делегациясымен кездесті
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Хо Ши Мин атындағы Ұлттық сая­сат академиясының директоры, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тханмен кездесті.</p>

Мемлекеттік кеңесші Вьетнам КП ОК Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхан бастаған делегациямен кездесті.
Басқосуда Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы жұмыстар туралы айтып берді.
Жиын соңында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясы арасындағы ықпалдастықты жалғастыруға келісті.