Аймақтар
1 мин оқу 223

Жамбылдық полицей абайсызда әріптесін атып жіберген

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында полицей әріптесін жұмыс барысында байқаусызда&nbsp; атып жіберген. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбылдық полицей абайсызда әріптесін атып жіберген

Өңірдің полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты ресми пікір білдірді.

- 16 қарашада қызметтік көлікпен аймақты патрульдеу кезінде бір офицер қаруды қолына алған кезде абайсызда екіншісін арқасынан атып алған, - делінген хабарламада.

Аса ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсыздық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Жәбірленуші Қордайдағы аудандық ауруханаға жеткізілді, - дейді ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, істің мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Жамбылдық полицей абайсызда әріптесін атып жіберген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар