Аймақтар
1 мин оқу 160

Өскеменде бірқатар аудан жылусыз қалды

<p style="text-align: justify;">16 қарашада Өскемен қаласының Драма театр, КШТ, &laquo;Ертіс сити&raquo; аумақтарында жылу магистралінде&nbsp;диаметрі 630 мм ақау салдарынан жылу беру уақытша тоқтатылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде бірқатар аудан жылусыз қалды

«Шығыс Жылу» АҚ мамандары ақау орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Мамандар мен техника жұмыс істеп жатыр, ақау шыққан орынды анықтауда қиындықтар болды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беріледі.

«Түсіністік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтып, сабыр сақтауды сұраймыз. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Бөлісу:
Өскеменде бірқатар аудан жылусыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар