Денсаулық
1 мин оқу 174

Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай

<p style="text-align: justify;">Астанадағы ауруханаға Ақмола облысы, Сабынды ауылындағы&nbsp; мешітте болған <a href="https://egemen.kz/article/376455-aqmola-oblysynda-meshitte-gaz-dgarylyp-ush-adam-qaza-tapty" target="_blank" rel="noopener noreferrer">жарылыстан</a> зардап шеккен 17 адам жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жеткізілген адамдардың он төрті ересек, үшеуі бала.

Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде, тағы 7 адам Астана қаласындағы N1 қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология бөліміне орналастырылды. Алдын ала диагноз - әртүрлі дәрежедегі термиялық жалын күйік.

25-30 пайыз термиялық күйік алған үш бала Астанадағы №2 балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды.

Бөлісу:
Мешіттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қандай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар