Аймақтар
1 мин оқу 140

Өскеменде өрттен алты адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Өскеменде Гагарин бульварындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өскеменде өрттен алты адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт шыққан үйден 21 адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарушылар арнайы респираторлық капюшондарды қолдану арқылы алты адамды, соның ішінде үш баланы құтқарды.

«Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Төтенше жағдай қызметкерлері оны жедел түрде сөндіріп, апаттың әрі қарай өршуіне жол бермеді. Зардап шеккендер тіркелмеген»,  деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын ескерту қажеттігін атап өтті.

Бөлісу:
Өскеменде өрттен алты адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар